Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Сұрақтар мен жауаптар

Поиск по сайту

Cұрақ: Салеметсіз бе! қандай себеппен №17 поликлиника 15қыркүйек -15 қараша аралығында өтетін азаматтарды тіркеу науқанына қатспайды.?

Жауап:

 

 

АМАНЖОЛОВА ГУЛЬМИРА НУРГАЛИЕВНА

ЖСН860103451188

 

 

 

Сіздің 2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында өткізілетін тіркеу науқанына №17 қалалық емханасының (әрі қарай – 17ҚЕ) неге қатыспайтындығына келесі жауап айтамыз.

17ҚЕ-сына келесі себептер бойынша тіркеу мүмкін емес:

1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының белгілі бір қызмет көрсету аймағы болады.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес

8-тарау. Бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін МСАК ұйымында учаскеге мамандарды бекіте отырып учаске құрылады.

      МСАК көрсететін ауылдық медициналық ұйымдарды қоспағанда, бір жалпы практика дәрігеріне бекітілген халықтың саны аралас халыққа 1 700 адамнан, учаскелік терапевтке 2 200 адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 7-ден 18 жасқа дейінгі 900 баладан аспайды.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-194/2020 "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы қосымшасының 9-тармағына сәйкес

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі емханаға бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, қызметті алушының МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) тыс нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;
3) бекітілген халықтың саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас халық, учаскелік терапевтке 2200 адам, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан асуы.
4) балалар бекітілген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.

 

Бүгінгі таңда 17ҚЕ-на тіркелген халық саны 85 мыңға жуық. Емхана аумағында көпқабатты үйлері бар ірі тұрғын үй кешендері салынып, қазірдің өзінде берілуде. Сондықтан біздің емхананың қызмет көрсету аймағында орналасқан үйлердің тұрғындары ғана тіркеледі, бұл күн сайын болып тұрады және бізге сапалы медициналық көмек көрсету өте маңызды болып табылады.

Сондықтан 17ҚЕ-сы 2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында өткізілетін тіркеу науқанына қатыса алмайды

 

 

 

Директордың орынбасары В.Ким                      

 орын. Калиева К.С.

т.3378247

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms